«Тәуелсіздік ата-бабам аңсаған» » Абай мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"Абай атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын-орталығымен"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(7283) 63-53-20
Бухгалтерия
+7(7283) 63-53-20
Версия для
слабовидящих
» » «Тәуелсіздік ата-бабам аңсаған»
22
декабрь
2019

«Тәуелсіздік ата-бабам аңсаған»


Ескелді ауданы әкімдігінің  Абай атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен отдела образования Кербулакского района»

«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында

2019 жылдың желтоқсан айында өткен іс-шаралар туралы
 МӘЛІМЕТ

Тәуелсіздік  мерекесі қарсаңында 13 желтоқсан күні «Біз қазақ ежелден азаттық аңсаған» атты Тәуелсіздік күніне  арналған  салтанатты жиын өткізілді.  Салтанатты жиын барысында мектептің оқу озаттарын, байқаулар жеңімпаздарын «Жас ұлан», «Жас қыран» республикалық жасөспірімдер қатарына қабылдау рәсімі өткізілді. «Тәуелсіздік ата-бабам аңсаған» тақырыбында  1-11 сыныптарда тәрбие  сағаттары, сурет,эссе байқаулары  өткізілді. Тәуелсіз елім –мақтанышым менің»  тақырыбында   9сынып оқушыларымен  Әсет Разия ашық тәрбие сағатын өткізді.. Тәрбие сағатының мақсаты Оқушыларда қазақстандық патриотизмді, азаматтық сананы, толеранттылықты және көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру болып табылады. Елбасының  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  бағдарламасы бойынша  өткен   ашық тәрбие сағатында  оқушылардың бойынан туған жерге, ұлттық құндылықтарға деген сүйіспеншілікті көрдік. Сынып жетекшісі интербелсенді тақта арқылы «Тәуелсіздік шежіресі» атты бейнерольик көрсетіп, сабақ соңында шығармашылық  жұмыс жүргізді.  Сабақ барысында оқушылар шынайы патриотизмді , көшбасшылық қасиеттерін , қабілетті білімді тұлға екенін көрсетті. 

         18желтоқсан күні  «Бар өмірін жақсылыққа арнаған»атты  әдеби кеш ұйымдастырылды. Кездесуге Ескелді ауданының Құрметті азаматы Кешубаева Айман Кешубайқызы шақырылды. Іс-шараның мақсаты оқушылардың  бойында қоғам өмірінің жалпы адамзаттық құндылықтарымен, рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру. Оқушылар арасында әдебиетке деген сүйіспеншілікті, өлең оқуға деген құлшыныстарын  арттыру болып табылады.  Айман Кешубайқызы  өткен тарихқа тоқталып, Тәуелсіздіктің маңызын ,қадір қасиеті, қазақ халқы үшін қаншалықты қиындықпен келгенін әңгімеге тиек етті. Кездесу барысында оқушылар Айман Кешубайқызының «Өмір иірімі» атты кітабындағы өлеңдерін жатқа оқып, ақын апайға арнауларын оқыды. Әдеби кештің   маңызы зор болды. Оқушылар жақсы әсер алып, тәрбиелік мәні зор іс-шара болды.









Тәрбие жұмысының орынбасары:                                   К.Т.Укешова