«Балпық би бабамыздың 325 »жылдығына орай іс-шаралар өткізілуде .
Абай атындағы орта мектеп мектепке дейғнгі шағын орталығымен коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Балпық би бабамыздың 325 »жылдығына орай іс-шаралар өткізілуде . Өткен тарихымыздың қыр сырымен бүгінгі ұрпақты таныстыру, өткеннен сабақ алуға үйрету – бүгінгі мұғалімдердің міндеттерінің бірі. «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында» жаз мезгілінде мектебіміздің оқушылары Қаратал ауданындағы Ескелді би, Айту би, Балпық би әулиелердің басына барып тағзым етіп қайтқан, аудандық «Жетісу шұғыласы » газетінде мақала жарияланған. Жаңа оқу жылында Балпық би бабамыздың 325 жылдығына арналған іс-шаралар жоспары жасалып бекітілді. Жоспарда кітпахана көрмесі, ғибрат сөздерін мәнерлеп оқу , шығарма байқаулары , дөңгелек үстел жоспарланды. Қазақ тілі пәнінің мұғалімдері 13қыркүйек күні « Балпық би баба-дара тұлға» тақырыбында шығарма байқауын өткізді.Лучший шығарма 10-11-сынып оқушылары Өмірзақ Жұлдыз және Абдикаримова Назеркенің жұмыстары атанды.
17 қыркүйек күні Тілдер мерекесі қарсаңында «Ұлт ұрпағы ұлы тұлғаларды ұмытпайды » тақырыбында қазақ тілімен әдебиет пәнінің мұғалімі Б.Е.Мұхаметжанова 8-10сынып оқушыларымен дөңгелек үстел ұйымдастырды. Шара барысында елін –жерін қорғаған батырлар , қара қылды қақ жарған тура билер, майталман ақындар туралы деректер айтылды. Соның ішінде «Балпық би бабамыздың » өміріне тоқталды. Оқушылар Балпық би бабамыздың даналыққа толы ғибрат сөздерін оқып, өздерінің арнауларын жатқа айтты. Балпық би бабамыздың 325 жылдығына арналған іс-шаралар әліде жалғасады.