«Көркем сөздің жұлдызы» » Абай мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"Абай атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын-орталығымен"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(7283) 63-53-20
Бухгалтерия
+7(7283) 63-53-20
Версия для
слабовидящих
» » «Көркем сөздің жұлдызы»
01
март
2019

«Көркем сөздің жұлдызы»

«Көркем сөздің жұлдызы»

 

«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру бағдарлмасы аясында Абай атындағы орта мектебінде желтоқсан айының 24жұлдызында көптен күткен «Көркем сөздің жұлдызы»-атты әдеби кеш өтті.Кеш халық ақыны -Темірғали Рүстембекұлы арналды. Бұл кешке 7-10 сыныптар арасындағы оқушылар атсалысып қатысты. Бұл әдеби кештің ұйымдастырушысы қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Мухаметжанова Бағлан Елюбайқызы.

Жер жаннаты Жетісудың топырағында туып,түлеп ұшқан ұшқыр ой иесі. Оқушылар артында жырдан асыл мұра қалдырған халық ақыны,жыр дауылпазы төкпе ақын атанған Темірғали Рүстембекұлының өмірімен танысты.

Ақынныңтуған жер табиғатына арналған жырларын оқушылар таласа оқыды. Әр өлеңі мейірімділікке, қайырымдылыққа және адамгершілікке, туған жердің табиғатына сүйсіндірді. Кеш мынандай бөлімдерден тұрды:

1.Ақын өмірі

2.Ақын творчествосы әдеби –монтаж.

3.Айтыс: Артық пен Темірғалидың 1957 жылғы облыстық ақындар айтысынан үзінді.

4.Ақын туралы ой-толғаулар

Кеш ең алдымен ақынды еске алудан басталды.Кейін ақынның 14 жасында ата- анасына арнап жазған өлеңі айтылды.Ақынның өмірбаянымен таныстыру арқылы жалғасты. Одан кейін арты айтысқа ұласты.Барлық көрермен ықыласпен көріп ,біраз ақпарат алып,айтыс сүйер қауымдар риза болды.Кешке қызу дайындалған балалардың және жетекшінің еңбегі зая кетпеді.. Ақынның өлеңдерін оқушылар жатқа айтып, философиялық ой-тұжырымдары жайлы да әңгіме қозғалды. Темірғали атамыздың -мәдениет майданының қызметкері болғаны жайлы,қызметін сүйіп,адал орындағаны бүгінгі жастарға мысал болмақ. Кешке белсене қатысқан оқушылар да ойларымен,білгендерімен бөлісті.

 

Тәрбие жұмысының орынбасары :                      К.Т.Укешова