"Алау" және "Жалын" дебат клубы Наурыз айы
Наурыз айының 16-шы жұлдызы күні «Алау», «Жалын» дебат клубтарының кезекті жиналысы және ойыны өтті. Жиналыс басында дебатқа байланысты кеңес берілді. Яғни, пікірсайыстағы даму туралы айтылды. Ойын Карл Поппер форматында өтілді. Берілген қарар: БП «Балаларға ерте табыс табуды үйрету, олардың болашағы үшін маңызды». Ең алдымен, спикерлерге берілген қарар түсіндірілді. Және де жеребе арқылы спикерлер өз позицияларын анықтады. Әп спикер өз міндеттерін атқарды.