"Мен жастарға сенемін!"
Мектебімізде «Мен жастарға сенемін!» тақырыбында білім алушыларға арналған ар-ұят, абырой, жауапкершілік, адалдық, әділеттілік сияқты қасиеттерді насихаттайтын қойылым көрсетілді. Бұл іс –шарада оқушылар Мағжан Жұмабаевтың дәл осы тақырыптарды қамтыған өлеңдерін оқып, сахналық көрініс көрсетті.