«Бала құқғы – адам құқығы»
Абай атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2019-2020 оқу жылының
«Бала құқғы – адам құқығы» тақырыбында өтетін шаралардың жоспары жасалып , мектеп директорымен бекітілді. Жоспар бойынша ІІБ қызметкерлерімен кездесу, ата-аналармен «Ашық есік» күндері, спорттық жарыстар, сауалнама, дөңгелек үстелдер өткізу жоспарланған.
12қараша күні «Балалық шақты қорғаудағы қоғам» тақырыбында АІІБ-қызметкері полиция капитаны І.Омарбаевпен кездесу өткізілді.
8-11 сынып оқушыларынан «Саған әлімжеттілік көрсетілеме? , «Мектепте сенің құқығың бұзылдыма ?» деген сауалдар қойып ашық әңгіме жүргізді.
5-11 сынып оқушыларнң қатысуымен «Құпия » сауалнамалар алынып , мектеп психологы З.Узембаеваның қатысуымен сараптама жасалынды. Кездесу барысында оқушылар «Балалық шақты қорғаудағы қоғам» қандай деген әр түрлі сұрақтарға жауап беріп , білімдерін көрсете білді.