Қыз болашағы
10 қазан күні Қыз баланың даму ерекшеліктерін түсіндіру үшін арнайы дәрігер мамандармен мектеп психологымен кездесу ұйымдастырылды. Мектеп психологы З.Узенбаева қыздардан «Өмір қымбатсың-маған»тақырыбында психологиялық тренинг жүргізіді.
8-11сынып оқушы қыздардың арасында «Ерте жүктіліктің ертеңі қандай?» тақырыбында дәрігерлермен дөңгелек үстел өтті. Іс шараға мектеп психологы З.Узенбаева, аудандық денсаулық сақтау орталығынан қатысты. Онда оқушыларға ерте жүктіліктің салдары қандай болады; оның адам өміріне тигізетін келешектегі қауіп-қатері қандай; тағы басқа да осындай үлкен сұрақтың төңірегінде әңгіме қозғалды. Оқушылардың да бұндай әңгіме төңірегінде ой қозғайтыны анық, олардың тарапынан сұрақтар мен пікірлер өте көп болды. Осы жұмыстың төңірегінде орта мен жоғарғы сынып қыздарының арасында, «Өмір қымбатсың-маған»тақырыбында психологиялық тренинг жүргізді, арнайы мамандардың жауабымен мысал келтірілді
Тәрбие жұмысының орынбасары: К.Т.Укешова