Жас өспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын -алу » Абай мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"Абай атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын-орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7283) 63-53-20
Есепші бөлімі:
+7(7283) 63-53-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жас өспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын -алу
04
март
2019

Жас өспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын -алу

Абайатындағы орта мектепмектепке дейінгі шағын орталығымен коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2018-2019 оқу жылы

Жас өспірімдерарасында құқық бұзушылықтың алдын -алу

мақсатында 01.02-28.02 аралығында өткен құқық айлығы

туралымәлімет.

Абай атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығында жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын- алу мақсатында 01.02-28.02күндері аралығындақұқық айлығы өткізілді. Бекітілген кесте бойынша «Түнгі балалар» атты кешкі уақытта рейд ұйымдастырылды. Рейд кешкі 20.30-дан 23.00-ге дейін жүргізілді. Көшеде жүрген, тәртіп бұзған оқушылар кездескен жоқ.

Ақпан айының 08,18,28 күндері құқық бұзушылықтың ,әлімжеттіліктің алдын –алу , мақсатында 5-11сынып оқушылары арасында «Құпия сауалнама» алынып, сараптама жасалды. Әлімжеттілік көрсеткен, қысым көрсетілген жағдайлар тіркелген жоқ.

05.02күні «Өмірдің мәні адаспау»тақырыбында мектеп психологы З.Ө.Узенбаева және мектеп медбикесінің қатысуымен әңгіме ,лекция өткізілді.Мектеп медбикесі психолог бірлесе отырып оқушылар арасында медициналық тексеру өткізілді.

Мектепте 6 ақпан күні 5-8сыныптарда ата-аналар жиналысы өткізіліп тыйым салынған сайт туралы айтылды. Интер белсенді тақта арқылы ата-аналарға бұл сайттарда не жарияланғанын, ойынның шарттары туралы көрсетіп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сайт негізінен жасөспірімдерді өзіне –өзі қол жұмсауға итермелейді. Бала психологиясына кері әсер етеді. Нәтижесінде республика көлемінде бірнеше келеңсіз оқиғалар тіркелгенін айтып өтті. Мектеп психологы З.Узенбаева балалардың үйде болған уақытта немен айналысып отырғанына назар аудару керек екені айтты. Балаға әртүрлі жаңартылған ұялы телефон әпермеу керек екенін қатты ескертті. Мектепке ұялы телефон ұстап келуге рұқсат етілмегені және сол талапты орындау керек екенін тағы ескертілді

 

 

 

 

 

Оқушылар арасында әлімжеттіліктің алдын-алу, анықтау мақсатында З.Узенбаева 5-11сыныптар арасында «Құпия сауалнама» алынды.Сараптама жасалып, анықталды.

 

07.02 күні АӘД пәнінің мұғалімі А.Кукеев «Ер жігіт Отан қорғаушы» байқауы 10-11сынып оқушыларымен ұйымдастырылды. Байқау барысында Автомат шашып жинау, нысананы көздеп ату, қол күрес, арқан тарту, зілтемір көтеруден жарыстар

 

 

 

08.02.күні Гүлжайна Төңкерісқызы және Адал ұрпақ ұйымының мүшелері «Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі» оқушылар арасындағы сурет байқауын ұйымдастырды.

 

 

 

13.02.күні «Бала құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясы – әлемдік балалар конституциясы»» кітапхана көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге әртүрлі әдебиеттер қойылды.

 

 

 

15.02күні Дінтану пәнінің мұғалімі О.Сейсекбаев«Адастырушы ағымдар» тақырыбында 9-10сыныптар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

18.02күні барлық сыныптарда Ауғанжерінен Кеңес әскерлерінің шығарылуына байланысты тәрбие сағаттар өткізілді. Әсет Разия«Ауған соғысы жадыңда» ашық тәрбие сағатын өткізді.

 

 

Ауған жеріндегі соғыс туралы деректі фильм , Интербелсенді тақта арқылы слайдтар көрсетілді. Оқушылар көрніс көрсетіп, ойларын ортаға салды. Тәрбие сағатының тәрбиелік мәні зор болды.

21.02. күні 9-сыныпоқушылары арасында «Мамандық таңдау құқығым» тақырыбында Б.Мұхаметжанова ашық тәрбие сағаты өткізілді.Тәрбие сағаты барысында Алматы- Абай және Қарағанды- Абай Телекөпірін өткізді. Балалардың мамандық таңдауында қателеспей қоғамға қажет маман иелері болуы керектігі айтылды. ҚазМҰУ саясаттану факультетінің магистрі Садибеков Ермек және Қарағанды қаласындағы азық түлікке жатпайтын заттар мен бұйымдар қауіпсіздігі мамандығы бойынша философия докторы ғылыми дәрежесін иеленген Бүркітбайқызы Әсемгүлмен тікелей эфир арқылы пікір алмасты.Оқушылар сұрақтар қойып ,ой бөлісті.

 

 

20.02 күні О.Е Сейсекбаевтің ұйымдастыруымен «Қылмыс жасаған жасөспірімдер ересектермен тең жазасын алуы керек пе? тақырыбында 7-10сыныптар арасында пікірсайыс өткізілді. Жарыс барысында «Жағдаяттардан шығу», «Сен білесіңбе?» сынды сұрақтарға оқушылар жақсы жауап беріп, өз ойларын ашық айта білді.

27.02. күні барлық сыныптарда «Заң және Жасөспірім " тақырыбында сынып сағаттар өткізілді. Сынып жетекшілер оқушыларға заң туралы және жауапкершілік туралы кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізді

28.02 күні АІІБ қызметкерлерімен кездесу өткізілді. Кездесу барысында оқушыларға ұялы телефонның зияны туралы , әр түрлі сайттар туралы айтып берді. Мағлұматтар айтылып, болған жайттардан фактілер келтірді. Жасөспірімдердің қанша жастан бастап жауапқа тартылатыны туралы , жекелеген қылмыстық баптарға тоқталды.Соңынан оқушылар арасында сауалнама жүргізілді.

 

 

28.02күні құқық айлығы қортындыланды. Сурет байқауына қатысқан оқушылар марапатталды.

 

 

Тәрбие жұмысының орынбасары: К.Т.Укешова