Попечительский совет отырысының Хаттамасы №2 » Абай мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"Абай атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын-орталығымен"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(7283) 63-53-20
Бухгалтерия
+7(7283) 63-53-20
Версия для
слабовидящих
» » Попечительский совет отырысының Хаттамасы №2
27
декабрь
2021

Попечительский совет отырысының Хаттамасы №2

Абай  атындағы орта мектебінің  Попечительский совет отырысының Хаттамасы №2

Абай аулы                                                                            24.12.2021 жыл

Мерзімі: 24 желтоқсан                                            Қатысқандар: 14 адам 

Күн тәртібі:

1.Аз қамтылған отбасынан шыққан оқушыларды тәрбиелеу,оқыту,дамыту және қорғау,қоғамдағы өмір сүруін қадағалау.

 Жауапты:   Б.Ертұрғанова 

2.Мүмкіндігі шектеулі, қамқорлыққа алынған,аз қамтылған отбасының балаларына жаңа жылдық сыйлықтар ұйымдастыру.

 Жауапты:   ДТІЖО  К.Укешова 

3.Әлеуметтік мәртебеге ие оқушылардың ыстық тамақпен қамтамасыз етілуі

Жауапты:     Әлеуметтік педагог    Ж.Кашкенова

         Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша қамқоршылық кеңес төрайымы Б.Ертұрғанова сөз алды.Сөз барысында мектебіміздегі аз қамтылған отбасынан оқушыларды тәрбиелеу,оқытыу,дамыту және қорғау ,қоғамдағы өмір сүруін қадағалау жайлы айтты. «Ата-анадан өсіп ұрпақ тараған,Жақсы жаман болса бала солардан » деп Жүсіп Баласағұн айтқандай ата-ананың бақыты баланың дұрыс адам болып өсуіне байланысты.Ал балалардың өздеріне бақыт сыйлайтын тұлға болып қалыптасуы, ата-аналар сіздерге байланысты.Сондықтан әрбір ата-ана өз бақытын өмірінің жалғасы баласынан іздеу керек.Біздің бірлесіп тәрбиелеп отырған ұл-қыздарымыз болашақта ата-анасының үмітін ақтар,елін сүйер саналы да білімді азамат болады деп сенемін.

Әрбір отбасына күннің шуағындай шаттық, жылылығындай мейірімділік,береке, түсіністік пен сыйластық,үлкен бақыт тілеймін деп сөзін аяқтады.

             Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша  диретордың тәрбие ісі бойынша орынбасары К.Укешова сөз алды.Мектебімізде мүмкіндігі шектеулі  үш оқушы бар. Олар  Нұрғали Нұрбек Қамқорлыққа алынған бір  оқушы бар. Ол Әкпар Бағдана .Аз қамтамасыз етілген отбасы балалар да бар , тізімін анықтап сыйлықтарын дайындап қойдық.Сыныптарында мерекелік іс шара болған кезде береміз.Сыйлықтар өз дәрежесінде жасалған деп сөзін аяқтады.Жарыс сөзге  кеңес мүшелері  шығып өз ойлары мен бөлісті.

                  Мектебіміздің әлеуметтік педагогі  Ж.Кашкенова  сөз алып әлеуметтік мәртебеге ие оқушылардың ыстық тамақпен қамтамасыз етілуі жайлы айтты.Барлығы 44 оқушы  (қырық төрт)   оқушы мектеп асханасынан ыстық тамақ ішеді. Жеке кәсіпкердің есебінен 15 бала , ЖББ қорынан 29 тамақ ішеді.

                                                 Қаулы:

  • Аз қамтамасыз етілген, әлеуметтік мәртебеге ие оқушыларға мейіріммен қарап тәрбиелейік.
  • Мүмкіндігі шектеулі балаларға жаңа жылдық сыйлықтар берілсін.

Попечительский совет төрайымы:                                  Б. Ертұрғанова

 Попечительский совет төрайымы орынбасары:         А.Мұхаметжанова

Мүшелері:                                                                            Г.Шідерова     

                                                                                              Г.Найзабекова 

                                                                                               З.Узембаева

                                                                                               А.Көмекова

                                                                                               Л.Қожабекова 

                                                                                               Қ.Асанов

    Б.Бимолдина 


Попечительский совет хатшысы:                                            З.Узембаева