Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында өткізілген «Г.Мұқаеваның әдеби-шығармашылық кеші » » Абай мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"Абай атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын-орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7283) 63-53-20
Есепші бөлімі:
+7(7283) 63-53-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында өткізілген «Г.Мұқаеваның әдеби-шығармашылық кеші »
01
март
2019

Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында өткізілген «Г.Мұқаеваның әдеби-шығармашылық кеші »

Абай атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен КММ

2018-2019 оқу жылы

Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында өткізілген «Г.Мұқаеваның әдеби-шығармашылық кеші » туралы мәлімет

 

Абай атындағы орта мектебінде 22 ақпан күні Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында «Г.Мұқаеваның әдеби-шығармашылық кеші » ұйымдастырылып өткізілді. Әдеби кештің мақсаты: оқушыларды жер жаннаты Жетісудың топырағында туып өскен ұшқыр ой иесі, артында із қалдырған журналист,ақын, ұстаз Гүлжаукен Мұқаеваның өмірімен шығармаларымен таныстыру.

Гүлжәукен Мұқаева өз алдына мақсат қойып,поэзияда өзіндік өрнегін сала білген ақын. Жыр жинақтарында патриоттық, тұрмыстық-салт жырлары, ауылға деген ыстық сезім, еңбек адамдарына деген сүйіспеншілік, туған мекенге толғаныс, достық, махаббат, табиғат лирикасы сезіміндітұнытып,көңіл көкжиегіне қалықтатады. Оның лириктігі мен қазақ әйелдеріне тән ибалылығы ісімен де,сөзімен де жарасымдылығын тапқан.

Оқушылар Гүлжаукен апамыздыңпатриоттық тақырыпта жазылған «Тәуелсіздік туы», «Ардагер», «Туған жер» сынды және «Наурыз», «Мұрагер» сынды тұрмыстық-салт жырларына арналған өлең шумақтарын нақышына келтіре оқыды.

 

 

 

 

Әдеби кешке Г.Мұқаева апамыздың туған баласы Бекет Дайыржанов және немерелері Әсел мен Данияр қатысты. Ақынның туған інісі Сансызбай Төлегенұлы Гүлжәукен апай туралы естеліктер айтты.

Осы мектептебірнеше жыл әріптес болып, ұстаздық жолында бірге еңбек еткен неміс тілі пәнінің мұғалімі Төлегенова Бишәй Төлегенқызы және бастауыш сынып мұғалімі болған Ағипа апай кеш қонағы болып, оқушыларға тағылымы мол деректер айтты. Әдеби кешіміз «Ана туралы жыр», «Гүл сыйлайық әйелге» , «Әке ана » өлеңдерімен жалғасты.

Сергітіп сезімімді аяладым,

Жанымның жамыратып саябағын.

Ақын апа,бір өзіңе жүрегімнен,

Тебірене жыр жазармын талай әлі-деп 8сынып оқушысы Нәзір Айбарыс,10сынып оқушылары Меллетхан Мөлдір сынды оқушылар арнауларын тебірене оқыды.Гүлжаукен Мұқаевадай ардақты ана,қадірлі ұстаз һәм ақын жанға өнегелі өміріңіз жастарға үлгі, жазған өлеңдеріңіз әрдайым мәңгі есімізде сақтала бересіз -деп әдеби кеш аяқталды.

 

Тәрбие жұмысының орынбасары: К.Т.Укешова