Абай атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен коммуналдық мемлекеттік мекемесімен 2018-2019 оқу жылы Қамқоршылық кеңесі отырысының хаттамасынан көшірме » Абай мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"Абай атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын-орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7283) 63-53-20
Есепші бөлімі:
+7(7283) 63-53-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Абай атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен коммуналдық мемлекеттік мекемесімен 2018-2019 оқу жылы Қамқоршылық кеңесі отырысының хаттамасынан көшірме
03
апрель
2019

Абай атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен коммуналдық мемлекеттік мекемесімен 2018-2019 оқу жылы Қамқоршылық кеңесі отырысының хаттамасынан көшірме

Абай атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен коммуналдық мемлекеттік мекемесімен

2018-2019 оқу жылы

Қамқоршылық кеңесі отырысының хаттамасынан көшірме

24.08.2018ж Абай аулы

 

Қатысқан: 20 адам

Кеңес мүшелері, сынып жетекшілер, мектеп әкімшілігі

 

Кеңес мүшелері: 9 адам

Қамқоршылық кеңес төрайымы– Ертұрғанова Бибигүл Жанайдарқызы

Қамқоршылық кеңес мүшелері- Мұхаметжанова Ақжолтай

Қамқоршылық кеңес мүшелері - Рамазанқызы Алмагүл

Қамқоршылық кеңес мүшелері - Найзабекова Гүлнар Сағадиевна

Қамқоршылық кеңес мүшелері - Көмекова Ардақ

Қамқоршылық кеңес мүшелері- Узенбаева Зейнеш Усерханқызы

Қамқоршылық кеңес мүшелері- Қожабекова Ләйлә

Қамқоршылық кеңес мүшелері– Асанов Қасымжан

Қамқоршылық кеңес мүшелері– Бимолдина Бахыт
 

Күн тәртібі:

 

1. Мектеп директорының «Қамқоршылық кеңес » мүшелерінің алдында 2017-2018 оқу жылында жұмсалған қаражат туралы есебі

2. 2018-2019 оқу жылы бойынша қамқоршылық кеңестің жұмыс жоспарын талқылап, бекіту туралы.

3.«Ұрпақ тәрбиесі-ұлт болашағы » З.Узембаева

4.Мектеп бойынша оқушылардың тәрбиесі, ата-аналардың мектеппен ынтымақтастығы туралы.

5Әр түрлі мәселелер.

 

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша «Жас ұрпақ тәрбиелеудегі отбасының рөлі» тақырыбында кеңес төрайымы өз сөзінде Ертұрғанова Бибигүл Жанайдарқызы өткен оқу жылында жасалған біршама істерге есеп берді.


 

Тыңдалды: Мектеп директорының міндетін атқарушы Л.Алтынбекова«Қамқоршылық кеңес » мүшелерінің алдында 2017-2018 оқу жылында жұмсалған қаражат туралыесеп берді. Жалпыға білім беру қорынан , «Мектепке жол» акциясы кезінде әлеуметтік жағдайы төмен,жетім, жартылай жетім балаларға үнемі көмек көрсетіліп тұрады. Осы жолы оқушыларға мектепке қажетті құралдар беріліп, оқушылар мен сынып жетекшілері қолдарын қойып алды. Қамқорлық кеңесі мүшелері мен әр сыныптағы ата – аналар комитеті мектептегі аз қамтылған, көп балалы, сәтсіз отбасыларының тұрмыс жағдайымен танысу мақсатында жүргізді. Рейд нәтижелері бойынша әр отбасының мұқтаждықтары анықталып, сол бойыншакөмек көрсету жұмыстары жүргізілді.

Өткен оқу жылы барысында «Мектепке жол» акциясы кезінде Мұхаметжанов Бейбіт, Рүстембеков Мейіржан сынды азаматтар 30оқушыны мектепке қажетті құралдармен қамтыды. Қаңтар айында 7 сынып оқушысы Ж.Жаңбырбаеваның отбасына азық түлік, 2 тонна көмір алып беруге көмектесті. Жеке кәсіпкер Б.Мұхаметжанова Жаңбырбаев Жұлдызға, Байтенов Алексейге қыркүйек айында аяқ киім , кофта алуына жәрдемдесті.

Қамқоршылық кеңес мүшелерінің қатысуымен оқушыларды Болашаққа бағдар Рухани жаңғыру бағдарламасы бойынша Талдықорған қаласындағы М.Тынышпаев атындағы өлкетану мұражайына апарып келуде жол қаражаттарын көтеруге көмектескенін атап айтты.

Қамқоршылық кеңес мүшелерінің атсалысуымен оқушыларымыз Қаратал ауданындағы Ескелді ата кесенесіне барып қайтты. Сол сияқты көптеген ізгі істер жасалғанына тоқталды.

Қамқоршылық кеңес мүшелері оқушыларды Жалпыға бірдей білім қорынан бөлінген қаражаттың дұрыс бағытта жұмсалғанын қадағалады. Атап айтсақ қыстық киіммен 10 оқушы, 10 оқушы мектепке қажетті құралдармен, 9 оқушы жазғы демалыс лагеріне барып келуін қадағалады.Мектеп асханасынан 40оқушы теген тамақтанды. Олардың 30 оқушы ЖББ қорынан болса 10оқушы арендатор есебінен тамақтанды. 1 оқушы Тараз қаласына тегін жолдамамен Рухани жаңғыру бағдарламасы бойынша саяхаттап қайтты. Қамқоршылық кеңес мүшелері мектеппен тығыз байланыста болып отырды.

Осы жаңа оқу жылы басталғалы біраз адамдардың көмек қолын созғаны туралы айтылды.

Адам әр ісін шын жүректен адал ниетпен сергек сезіммен ыстық ықыласпен бастап саналы түрде жақсылыққа бағыттап отырса өзін де өзгені де қуанышқа бөлейді- деп айта отырып биылғы оқу жылында Мектепке жол акциясы кезінде 4 оқушыға 40000 теңге көлемінде Ескелді аудандық әділет басқармасының ұжымы мектепке қажетті құралдармен / сумка, дәптер сурет дәптер ,пенал, қарындаш, күнделік т.б заттармен қамтыды. Мектеп алды даярлық сыныбының мұғалімі Шаяхметқызы Түркеш оқушысы Байтеноваға 7000теңгеге оқулықтарын сатып әперді.

.


 

Екінші мәселе бойынша Қамқоршылық кеңестің төрайымы Б.Ертұрғанова сөз алып биылғы оқу жылында Қамқоршылық кеңестің жұмысының дұрыс ұйымдастырылуы керектігі туралы баяндады. Қамқоршылық кеңес мүшелері білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығымен таныстырылды.Кеңес құрылып өз жұмысын істейтінін айтып өтті. Сонымен қатар Ертұрғанова Бибигүл Жанайдарқызы Қамқоршылық кеңес мүшелерін қамқоршылық кеңес қағидасымен таныстыра отырып міндеттеріне тоқталды.

- Әлеуметтік жағдайы төмен отбасында тәрбиеленетін оқушыларға көмек көрсету;

-Оқушылардың мектептен тыс қалмауын және сабаққа жабдықталуын қадағалау;

-Мектептің материалды-техникалық базасын нығайтуға атсалысу;

-Мектепте әлеуметтік- мәдени және сауықтыру іс – шараларын ұйымдастыру;



 

Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша«Білімді ұрпақ –ел болашағы» тақырыбында З.Узенбаева баяндама жасады.Ол өз сөзінде: ата-аналар бала тәрбиесіне көп көңіл бөлмейтінін, бала тәрбиесі отбасынан басталатындығын нақты дәлелдер келтіре отырып, ашық айтты. Бүгінде тәрбие берудің ауқымы кең, талабы жоғары. Соған сәйкес заман талабы отбасына үлкен жауапкершілік пен жоғары білімділікті жүктеп отыр. Отбасы баланың жеке басының қалыптасуына екі жақты әсер етеді:

1.Отбасының материалдық жағдайын сипаттайтын өзіндік өмір сүру дәстүрі арқылы, яғни отбасы мүшелерінің материалдық және рухани қажетсінуі мен әлеуметтік құндылықтары арқылы әсер етеді.

2.Әлеуметтік және белгілі бір мақсатқа бағытталған тәрбиелік іс-шаралар арқылы әсер етеді.

Бұл көбінесе, отбасындағы негізгі көзқарас пен тәрбие үрдісі қоғамның тәрбиелік мақсатына, идеялық адамгершілік және эстетикалық талаптарына қаншалықты сәйкес келуіне байланысты жүзеге асырылады. Осындай мәселені тиімді шешу үшін сынып жетекшілерден ең алдымен ата-аналармен дұрыс деңгейде жан-жақты жұмыс жүргізуді талап етеді. Сонымен қатар үштік одақ: мектеп, отбасы, қоғамдық мекемелер жұмысындағы өзара сабақтастық және ынтымақтастық өз үлесін табуы тиіс. Көп отбасы балаларын мектеп тәрбиелейді, оқытады деген бір жақты түсінікпен шектеліп отыратындығын ерекше ескертті. Қазіргі уақытта бала тәрбиесінің табысты болуы ата-аналарының тәжірибесіне, кәсіби шеберлігіне, ынтымақтастығына, отбасы мүшелерінің бір-бірін түсінушілігіне, өзара қарым-қатынасына, көзқарастарының және мақсаттарының бірлігіне байланысты. Ол үшін ата-аналар күнделікті өмірде балаларының мінез-құлқына, қажетті қасиеттердің қалыптасуына назар аударуды, тәрбие үрдісінде теріс қылықтарды болдырмауды ойластыруы шарт. Отбасында тәрбие үрдісін шебер басқару үшін, ең алдымен, ата-ана өз ісін дұрыс ұйымдастыра білуі қажет. Жас ұрпаққа тәрбие беруде ата-анамен педагогикалық ынтымақтастықта бірлесіп жұмыс атқару керектігіне баса тоқталды. Ол үшін:

 

 

1.Сабақтан баланы еш себепсіз қалдырмау;

2.Мектеп формасының тазалығын сақтау;

3.Үнемі мектеппен тығыз байланыста болып, сабаққа қатысу;

4.Сынып жетекшісімен және психологпен етене жақын қарым-қатынаста болу;

5.Балаға үй тапсырмасын орындауға көмектесу;

6.Мектепке қымбатты ұялы телефон ұстатпау керек;

7.Мектепке бұқаралық, мәдени-спорттық іс-шаралар өткізудің жан-жақты жолдарын қарастыру керек.

Осы және өзгеде мәселелер жөнінде мектеппен тығыз байланыста болып бірлескен жұмысжүргізуіміз қажет екендігін баса айтты.


 

Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша оқушылардың тәрбиесі, ата-аналардың мектеппен ынтымақтастығы туралы ДТІЖО: К.Т.Укешова сөз алды. Ол өз сөзінде: «Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады» - деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, жел бесіктен жер бесікке дейінгі адам өміріндегі тәрбиенің ұйытқысы – ата-ана мен мектеп. Бала тәрбиесі бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның мемлекеттік абыройлы міндеті. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Өскелең ұрпақтың бойына рухани адамгершілік білімнің қайнарын сіңіріп, мінез-құлқын тәрбиелеуде ата-аналармен бірлескен жұмыстың маңызы жоғары екенін айтып өтті. Сонымен қатар қамқоршылық кеңестің төраймы Ертұрғанова Бибигүл Жанайдарқызына 16 желтоқсан Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында мектеп оқушыларының Текелі қаласындағы «Қарттармен мүгедек жандарға арналған үйге» барып қарттарға концерттік бағдарлама көрсеттіп қайтуына көмек көрсетті.Транспорт мәселесін шешіп беріп, жол ақыларын өзі төлеп көмектескенін айтуымыз керек.Оқушылардың бойында имандылық , адамгершілік қасиеттердің қалыптасуына бұндай шаралардың маңызы зор.

 

Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында жүргізілетін жұмыстарды айта өтті. Түнгі 22:00-ден бастап оқушылардың көңіл көтеретін орындарға бармауын, тіпті үлкен тойларға жібермеулерін ата-аналардан өтініп сұрады. мектеп ережесі мен тәртібін қататң еске сақтауды баса ескертті. Ұялы телефон мәселесіне көп көңіл бөлу керектігіне тоқталды.Мектепке әкелудің қажеттілігі жоқ екенін түсіндірді.

Жиналыс барысында ұсыныстар айтылып, ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға мектеп директорының міндетін атқарушы Л.К.Алтынбекова жауап қайтарды.


 

Жиналысқа қатысқан ата-аналардан кері байланыс алынды.


Жиналысты қорытындылай келе, бірауыздан мынадай шешім қабылданды:


Шешімі:


 

 

1.Мектеп бойынша 2017-2018 оқу жылы бойынша қамқоршылық кеңесінің жұмысы қанағаттанарлықдеп танылсын

2.Жаңа 2018-2019 оқу жылына бекітілген жұмыс жоспары негізінде іс-шаралар атқарылсын.

 

3.Жас ұрпаққа тәрбие беруде ата-ана мен педагогикалық ұжым ынтымақтастықта бірлесіп жұмыс атқарсын.

 

4.Мектептің оқу-тәрбие жоспарына сәйкес өткізілетін іс-шараларға кеңес мүшелері тартылсын.

 

5.Осы шешімнің орындалуын қадағалау кеңес төрайымы Б.Ертұрғановадан сұралсын.

 

 

 

 

 

Қамқоршылық кеңес төрайымы– ЕртұрғановаБибигүл Жанайдарқызы

Қамқоршылық кеңес мүшелері- Мұхаметжанова Ақжолтай

Қамқоршылық кеңес мүшелері - Рамазанқызы Алмагүл

Қамқоршылық кеңес мүшелері - Найзабекова Гүлнар Сағадиевна

Қамқоршылық кеңес мүшелері -Көмекова Ардақ

Қамқоршылық кеңес мүшелері- Узенбаева Зейнеш Усерханқызы

Қамқоршылық кеңес мүшелері- Қожабекова Ләйлә

Қамқоршылық кеңес мүшелері– Асанов Қасымжан

Қамқоршылық кеңес мүшелері– Бимолдина Бахыт

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қамқоршылық кеңес төрайымы- Б.Ж.Ертұрғанова

Қамқоршылық кеңес хатшысы – З.Узенбаева.