Ескелді ауданы білім басқармасының Абай атындағы орта мектебі МДШО КММ бойынша Қамқоршылық кеңесі туралы Ереже » Абай мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"Абай атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын-орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7283) 63-53-20
Есепші бөлімі:
+7(7283) 63-53-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ескелді ауданы білім басқармасының Абай атындағы орта мектебі МДШО КММ бойынша Қамқоршылық кеңесі туралы Ереже
10
август
2021

Ескелді ауданы білім басқармасының Абай атындағы орта мектебі МДШО КММ бойынша Қамқоршылық кеңесі туралы Ереже

Алматы облысы Ескелді ауданы білім басқармасының Абай атындағы орта мектебі МДШО КММ бойынша Қамқоршылық кеңесі туралы Ереже

І. Жалпы Ереже

1.1. Алматы облысы Ескелді ауданы білім басқармасының Абай атындағы орта мектебі МДШО КММ Қамқоршылық кеңесі (бұдан әрі – Қамқоршылық кеңес) білім беру ұйымының алқалық басқару формаларының бірі болып табылады. 

1.2. Қамқоршылық кеңес мектеп  әкімшілігімен, жергілікті атқару органдарымен,басқа да қызығушылық танытқан ұйымдармен серіктесе отырып жұмыс істейді.

1.3. Қамқоршылық кеңесі құрылтайшы мен сол білім беру ұйымында білім алушылардың   ата-аналарының бастамаларымен құрылуы мүмкін.

1.4. Қамқоршылық кеңес өз жұмысында  Қазақстан Республикасының Заңнамаларын,  «Қамқоршылық кеңес қызметінің және оны сайлау тәртібінің үлгілік ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының  2017 жылғы 29 шілдегі  N 355 бұйрығына сай үлгілік қағиданың 2тарау , 5 және  6 тармақтарына негізделіп, Алматы облысы Ескелді ауданы білім бөлімінің 20.08.2021 № 205-н бұйрығын басшылыққа ала отырып   білім беру ұйымының Жарғысын   басшылыққа алады. 

1.5. Қамқоршылық кеңестерінің мүшелері өз жұмысын  ақысыз негізде орындайды.

  1. Білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңестің   мәртебесі болады (ҚК мәртебесін нақты көрсетіп жазу қажет):

1.Заңды тұлға ретінде құрылмаған алқалы басқару органы, оның қызметі қалалық, аудандық білім бөлімдерінің бұйрығымен реттеледі.

 2.Қазақстан Республикасының әділет органдарында тіркелген,заңды тұлға мәртебесі бар алқалы басқару органдары

1.7.Қамқоршылық кеңесі өз   жұмысын  тоқтатады:

1.7.1. құрылтайшының бастамасы бойынша;

1.7.2. қамқоршылық кеңесінің бастамасы бойынша;

1.7.3 .білім беру ұйымын қайта құру және тарату  мәселелері орын алған жағдайда.


               2. Қамқоршылық кеңесінің  мақсаттары мен міндеттері

2.1. Қамқоршылық кеңесінің  негізгі мақсаты - Жарғыға сәйкес білім беру ұйымының миссиясын,міндеттерін, стратегиясын анықтау және алдыға жылжыту.

2.2. Қамқоршылық кеңесінің  негізгі міндеттері болып табылады:

2.2.1.білім беру ұйымына білім беру  үдерісін ұйымдастырудың тиімді жағдайлары мен шарттарын жасауға жәрдемдесу;

2.2.2. білім беру ұйымында оқуға, білім алуға,еңбек етуге қолайлы жағдайларды жасау және нығайту;

2.2.3.  оқушылардың денсаулығына жағымды әсер ететін спорттық, сауықтыру, медициналық жағдайларды жасау және нығайту.

3. Білім беру ұйымы қамқоршылық кеңесінің  құрамы

3.1. Қамқоршылық кеңесінің құрамына кіреді:

-облыстық, қалалық және жәргілікті мекенге байланысты аудандық   мәслихаттардың депутаттары;

-қоғамдық бірлестіктердің, мемлекеттік емес ұйымдардың, қорлардың, ассоциациялардың, әлеуметтік серіктестердің өкілдері;

-ата-аналар қауымдастығы;

-білім беру ұйымы кәсіподақ комитетінің мүшесі;

-білім беру қызметкерлері.

      Қамқоршылық кеңес  құрамына   кәсіби немесе қоғамдық қызметі, білімі, тәжірибесі мен мүмкіндіктері мектептің дамуы мен қызмет етуіне ықпалын тигізе алатын азаматтар  ене алады. (ҚК қосымша мүшелері).

3.2. Қамқоршылық кеңесінің сандық құрамы-9 адам. Қамқоршылық кеңесінің құрамында білім беру ұйымы қызметкерлерінің саны  ұжым санының ¼-нен, ата-аналар комитетінен өкілдер саны   Қамқоршылық кеңесінің жалпы   санынан 1/3 –нен аспайтын санда болу қажет.

3.3.  ҚК төрағасы қамқоршылық кеңесі отырысында сайланады және басшылық етеді. Қамқоршылық кеңесінің төрағалығына білім беру ұйымының педагогтері  және кеңес мүшелері құрамынан тұлғалар  сайланбайды.


4. Қамқоршылық кеңесінің құзыреттіліктері

4.1.Қамқоршылық кеңесі   білім беретін ұйымның жарғысымен қарастырылған өкілеттіктері бар және келесі қызметтерді атқарады:

4.1.1.Жарғыны өзгертуге (немесе) толықтыруға қатысады;

4.1.2. Білім беру ұйымының директорлығы лауазымына кандидаттарды сайлау процедурасына қатысады.

4.4.Келесі қызметтерді жүзеге асырады:

4.2.1.жылына 1 рет білім беру ұйымы  басшысының жыл сайынғы білім беру ұйымының қызметі туралы  есебін тыңдайды;

4.2.2. жылына 1 рет білім беру ұйымының даму стратегиясының  орындалысын қарайды;

4.2.3. білім беру ұйымы әкімшілігінің тиімді жұмыс істеуін қолдайды.

4.3.Білім алушылардың сабақ режимі және тәртібі туралы шешімдер шығаруға қатысады.

4.4. Кеңес өзінің жасап жатқан қызметі, қабылдаған шешімдері туралы білім беру үдерісіне қатысушыларын үнемі ақпараттандырып отырады (есептерді, отырыстар хаттамаларын жариялап отырады);

4.5. Білім беру ұйымының даму бағдарламасын бекітуге қатысады  және оқу қаржылық жыл қорытындысы бойынша ұйым  басшысының жыл сайынғы есебін бекітуге қатысады, білім беру ұйымының жыл соңындағы көпшілік алдындағы баяндамасын бекітеді. 

4.6.7. Қамқоршылық кеңесі шешімдерін жүзеге асыру туралы білім беру ұйымы әкімшілігінің есептерін тыңдайды.

4.8. Қамқоршылық кеңесінің құзыреттілігіне кіретін басқа да сұрақтарды қарайды.


5. Қамқоршылық кеңесінің іс  қағаздары

5.1. ҚК отырысы хаттамаланады. Отырысты қосымша стенографиялау, дыбыс- және бейнетаспаға түсірілуі мүмкін. Кеңес   хаттамасы жалпы формада (ұйымның атауы, БАО атауы, отырыстың датасы, өткен орны мен уақыты, қатысушылар тізімі, күн тәртібі, талқылаулар мазмұны, дауыс беру нәтижесі мен қабылданған шешімдер, қол қою) жүргізіледі.

5.2. Кеңес хатшысы  Кеңес отырыстарының  хаттамаларын жазады. Әр хаттамаға Кеңес төрағасының және хатшының қолы қойылады.

5.3.  Кеңес хатшысында хаттамалар   сақталады. Хаттамалардың нөмірі  оқу жылының басынан бастап қойылады. Кеңес отырыстары Кітабының әр бері нөмірленеді және білім беру ұйымының басшысының қолымен бекітіліп, білім беру ұйымының мөрі қойылады.