«Балпық би бабамыздың 325 »жылдығына орай іс-шаралар өткізілуде . » Абай мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"Абай атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын-орталығымен"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(7283) 63-53-20
bookkeeping:
+7(7283) 63-53-20
Version for
visually impaired
» » «Балпық би бабамыздың 325 »жылдығына орай іс-шаралар өткізілуде .
25
September
2019

«Балпық би бабамыздың 325 »жылдығына орай іс-шаралар өткізілуде .

Абай атындағы орта мектеп мектепке дейғнгі шағын орталығымен коммуналдық мемлекеттік мекемесінде  «Балпық би бабамыздың 325 »жылдығына орай іс-шаралар өткізілуде .  Өткен тарихымыздың қыр сырымен бүгінгі   ұрпақты  таныстыру, өткеннен сабақ алуға үйрету – бүгінгі мұғалімдердің   міндеттерінің бірі. «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында» жаз мезгілінде мектебіміздің оқушылары   Қаратал ауданындағы  Ескелді би, Айту би, Балпық би әулиелердің басына барып тағзым етіп қайтқан, аудандық  «Жетісу шұғыласы » газетінде мақала жарияланған. Жаңа оқу жылында   Балпық би бабамыздың 325 жылдығына арналған   іс-шаралар жоспары жасалып бекітілді. Жоспарда кітпахана көрмесі, ғибрат сөздерін мәнерлеп оқу , шығарма байқаулары , дөңгелек үстел жоспарланды. Қазақ тілі пәнінің мұғалімдері 13қыркүйек күні   « Балпық би баба-дара тұлға» тақырыбында шығарма байқауын өткізді.Best шығарма  10-11-сынып оқушылары Өмірзақ Жұлдыз және Абдикаримова Назеркенің жұмыстары атанды.


17 қыркүйек күні Тілдер мерекесі қарсаңында   «Ұлт ұрпағы ұлы тұлғаларды ұмытпайды » тақырыбында қазақ тілімен әдебиет пәнінің мұғалімі Б.Е.Мұхаметжанова 8-10сынып оқушыларымен   дөңгелек үстел ұйымдастырды. Шара барысында елін –жерін қорғаған батырлар , қара қылды қақ жарған тура билер, Mayталман ақындар туралы деректер айтылды. Соның ішінде «Балпық би бабамыздың » өміріне тоқталды. Оқушылар Балпық би бабамыздың даналыққа толы  ғибрат сөздерін  оқып, өздерінің арнауларын жатқа айтты. Балпық би бабамыздың 325 жылдығына арналған іс-шаралар әліде  жалғасады.


                         Тәрбие жұмысының орынбасары:                  К.Т.Укешова