21
November
2022
"Mi battle" интеллектуалды сайыс
Қараша айының жиырма бірі күні «Жас Ұлан» ұйымының «Зерде» бағытының ұйымдастыруымен «Mi battle» атты интеллектуалды сайыс ұйымдастырылды. Сайыс қазақтың ұлы Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығына арналды. Білім байқауы 4 кезеңнен тұрды:
1 кезең – сұрақ – жауап ( ұяшықтар)
2 кезең – жүрегімнің түбіне терең бойла
3 кезең – әнді сүйсең, менше сүй
4 кезең – қазақта қарасөзден дес бермедім
Интеллектуалды сайысқа алтыншы және жетінші сынып оқушылары қатысты. Жеңіске 7 сынып оқушылары жетті. Білім алушылар бұл сайыстан өздерінің өмірлеріне керек өте көптеген мәліметтер алды. Сонымен қатар, тың ақпараттармен таныс болды.