25 февраль 2022 0 1 2 3 4 5 "Жалын", "Алау" дебат клубының кезекті жиналысы Абай атындағы орта мектебінде ақпан айының 25-ші жұлдызы күні «Алау», «Жалын» дебат клубтарының кезекті жиналысы және ойыны өтті. Жиналыс басында дебатқа байланысты кеңес берілді. Ойын Америкалық парламенттік форматта болды. Берілген қарар: БП «Өтірік айта алMayтын әлем қазіргі әлемге қарағанда жақсырақ деп есептейді». Ең алдымен, спикерлерге берілген қарар түсіндірілді. Және де жеребе арқылы спикерлер өз позицияларын анықтады. Ойынға Алина мен Аяжан «Алау» фракциясы болып, жақтаушы болып ойнаса, Аяла мен Бөпенай «Жалын» фракциясы, даттаушы болып ойнады. Әр спикер өз міндетін атқарып, кейстарын құрып ортаға ұсынды. Жеңіске «Алау» фракциясы жетті.